Дизайнер қазіргі таңда адам өмірінің барлық саласын қамтуға тырысатын әлем жаратушысы, сонымен бірге ол заттардың сыртқы түріне (келбетіне) де, олардың ішкі мәні мен функционалды байланысына да қызығушылық танытады. Дизайнер қызметінің мазмұны әртүрлі және көбінесе мамандану саласына байланысты болады.
Интерьер дизайнерінің жұмысы қызметтің технологиялық құрамдас бөлігін қамтиды: интерьердің дизайнын жасап қана қоймай, сонымен қатар макеттерді келісу бойынша тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізу, эскиздер, пішіндер мен сызбаларды әзірлеу, болашақ өнімдерді жасау технологиясының барлық қыр-сырларын анықтауы керек. Дизайнер мамандығының өнері мен қызығушылығы осында жатыр, яғни әдемі әрі қолайлы және сұранысқа ие заттарды жасай білуінде.
Жалақысы біліктілігіне, аймағы мен жұмыс орнына байланысты болады. Орта есеппен алғанда жас маман жалақысы 100 мың теңгені құрайды.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жұмыс істеу үшін студенттің гуманитарлық ғылым, эстетика бойынша білімі, графика және кескіндемеде дағдысы болуы керек, химияда да білімі болған дұрыс, өйткені дизайнер осы немесе басқа жиһаздың қандай материалдан жасалғанын және осы материалдың қоршаған ортаға қалай бейімделетінін білуі тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.
Сурет салу тәжірибесі дизайнердің пішін, жарық, түс, пропорция және композицияны сезінуін дамытады, көркемдік талғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Сурет сала алу дизайнның барлық түрлерінде: өнеркәсіптік және техникалық, киім дизайнында, интерьерде, иллюстрацияларда, үш өлшемді графикада және визуалда іске жарайды. Дизайнерлік жоба - бұл сурет емес, суретшілердің міндеттері басқа және оларды басқаша үйретеді. Алайда сурет сала алу дағдысы дизайнерге қажет, сондықтан оқуға түскенде шығармашылық емтихан тапсыруы мүмкін.
Бұл мамандықтың артықшылығы - көптеген түрлі әдістер мен техникаларды меңгеруінде және нәзік талғамға ие болуында. Дизайнер - тартымды жұмыс, екінші жағынан шығармашылық жұмыс болып табылады.
Табысты жұмыс істеу үшін дизайнердің бойында мынадай бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: креативтілік және идеяларды түрлендіру қабілеті, шығармашылық ойлау, мұқияттылық және ұқыптылық, еңбекқорлық және шыдамдылық, жауапкершілік, коммуникабельділік.
Жас маман нұсқаулықсыз нақты міндеттерді шешуге бағытталған таңдамалы әрі өте күрделі жұмысты орындау барысында қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Дизайнер - фриланста жақсы табыс табуы үшін шексіз мүмкіндігі бар сұранысқа ие, өзекті және перспективті мамандық.
2025 ж. 1 қыркүйек